Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Әдеби банкинг: А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханадағы бизнес бойынша үздік кітаптар топтамасының тұсаукесері

2017 жылдың 30 наурызында «Бизнес» кафедрасының аға оқытушылары Мамырбекова Д.С. мен Трофимова Ю.В., сонымен бірге экономикалық мамандықтар студенттері, А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада шетелдік авторлардың бизнесті тиімді жүргізу жөніндегі бірегей топтамаларының тұсаукесеріне қатысты. Аталмыш топтаманы кітапханаға сый ретінде «Сбербанк» филиалы беріп, ол оқырмандар, студенттер, қала мен облыс кәсіпкерлері үшін қолжетімді болды. Әлемде экономика саласындағы танымал менеджерлер, сарапшылар, психолог-кеңесшілер жазған сыйға тартылған кітаптар топтамасы, бүгінде болып жатқан реформалар мен жаһандық түрлендірілулер аясында жергілікті бизнес-құрылымдар қажеттіліктеріне мейлінше сай келеді. Кітапхана қызметкерлері тұсаукесерді «Сбербанктың» Өскемен филиалы әкімшілігі өкілдерінің қатысумен өткізді.

«Дамыған елдердің үздік үлгілері мен тәжірибелерін енгізу, бизнесті жүргізуді жеңілдендіру бойынша рейтингтер өткізу және одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді шешу қажет» – ҚР Президенті Н.Назарбаев, республиканың әлемнің дамыған 30 елдері қатарына бекем енудің екінші басымдығы болып табылатын бизнесті дамыту жөніндегі міне осындай міндеттерді, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қойды.

Атақты ««Сбербанк» кітапханасын»  2009 жылдан бері оның басшысы Герман Греф жеке өзі қалыптастыруда. Оның топтамасына «Сбербанк» топ-менеджерлері оқуы үшін міндетті, жобалық менеджмент, жеке тиімділікті арттыру және бизнес философиясы бойынша құнды әдебиеттің 70 аталымы енді. Бестселлерлердің кейбірі алғаш рет орыс тіліне нақты осы жобаға арналып аударылып, жобаның барлық кітаптарының электронды нұсқасының бар екендігі белгілі.

Барлық шақырылған кәсіпкерлер, бизнес-құрылымдар өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес-бапкерлер, ЖОО оқытушылары, жоғары курс студенттері және  қызығушылық туғызған тұлғалар, аса ірі халықаралық банктің жомарт сыйы – жаңа бизнес-әдебиетпен танысты.

«Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru