Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ «Заңтану» мамандығының студенттері БЖЗҚ ашық есіктер күнінде

2017 жылдың 31 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Заңтану» мамандығының студенттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Өскемен филиалының Ашық есіктер күнінде болды, онда «Зейнетақы жүйесі қалай ұйымдастырылған» тақырыбына семинар өткізілді.

Студенттер зейнетақы жүйесін жаңғырту үдерісіне және Қазақстан Республикасы зейнетақы заңнамасын реформалауға көңіл қойды.

Болашақ заңгерлер үшін БЖЗҚ ашық есіктер күнінің тәжірибелік бағдарланған маңызы болды, өйткені осы іс- шараға қатысып, студенттер тек өздерінің зейнетақы заңнамасы саласындағы білімдерін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар БЖЗҚ мобилді қосымшасын, мобилді кеңсесін, зейнетақылық калькуляторын  және қордың басқа да құралдарын қолданудың тәжірибелік дағдыларын алды.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru