Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өскемендік «Алоха!»

Қазақстан-Американдық еркін университеті құрылғаннан бері  өзін халықаралық серіктестік ЖОО ретінде көрсете білді. Осы уақыт ішінде бірлесіп білім беру қызметіне 300-ден астам шетелдік оқытушылар мен мамандар жұмылдырылды.

2011жылдың екінші жартыжылдығы оқу жоспарына сәйкес ҚАЕУ-де Америка Құрама Штаттарынан: Вашингтоннан, Коннектикута Орегоннан, Алабамадан, Гавайядан, Миннесотадан 15-тен артық шетелдік оқытушылар мен тәжірибелі мамандар жұмыс істеуде.

Университеттің шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастығы, ҚАЕУ студенттерінің шетелдерде іс-тәжірибеге қатысуы білім саласында тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар мәдени дәстүрлерді үйреніп пайдалануға көмектеседі.

Усть-Каменогорское «Алоха!»Студенттік даму бағытының менеджері Құрманғалиева Айжан былай дейді: «Өскемендегі жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатқа бару идеясын айтқан Гавайя университетінің профессоры, оқытушы Ун Ан болды. Бұл бастаманы ҚАЕУ студенттері қолдады. Біз концерттік бағдарлама, байқаулар, балаларға арналған ойындар  даярладық».

Усть-Каменогорское «Алоха!»50-ден астам ұлдар мен қыздар наурыздың сенбісі күні қонақтарды күтті.Интернатта балалар кәмелетке толғанша тұрады және оқиды.Олардың әрқайсысы өзідігінше дарынды. Оқумен қатар олар шығармашылықпен, сәндік қолданбалы өнермен, ағаштан бұйым жасау шеберлігімен, би билеумен, ән айтумен шұғылданып, спорт шараларына қатысады. Студенттермен кездесуге балалар мұқият дайындалды және өздерінің ең үздік нөмірлерін көрсетті. Ал американдық оқытушылар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыс етті.

Усть-Каменогорское «Алоха!»Студенттер және шетелдік оқытушылардың балалармен 4 сағат бірге болуы байқалмай өте шықты. Ескендір Құмаров орындаған әсерлі бидің ұнағаны соншалық, оны бірнеше мәрте шақырып қайта билеткізді.Дима Фадеев пен Мәдина Нұрпейісованың  шырқаған әндерін жас көрермендер ұйып тыңдады.

Шетелдік қонақтар балалардың шынайы қызығушылығын туғызды.Ун Ан, Рон Арнольд және Дэнис Айдэта оларға өз Отандары – аппақ құмды шайып, жағалауға мұхит толқындары соғатын Гавайя аралдары жайлы айтып берді. Аңғарлары,шатқалдары мен тропикалық ормандары бар Гавайя аралдарының бірегей табиғаты өз сұлулығымен таңдандырады. Гавайяны сонымен бірге «Алоха штаты» деп те атайтыны кездейсоқ емес, өйткені ол «бақыт», «махаббат» деген ұғымды білдіреді. Бұл «Алоха!»сөзін гавайялықтар кездескенде және қоштасқанда айтады. Алыс жер жайлы көп жаңалық пен қызғылықты жайлар білген балалар Гавайя аралдарының әдемі пейзаждарын суретке салды. Олар шетелдіктерге олардың отбасылары жайлы көптеген сұрақтар қойды. Балақайлардың ерекше назарын Ун Анның киімдері аударды. Оның кеудешесінде төрт көңілді сәбидің суреті болды – бұлар оның ұлдары.

Усть-Каменогорское «Алоха!»Балалармен бірге байқауға студенттер мен оқытушылар қатысты, тіпті олар суырыпсалмашылық  брэйк Дэнс орындады. Кездесу бақыт пен қуанышқа толы көңілде өтті. ҚАЕУ өкілдері балалармен мейлінше жиі кездесуге уәде берді. Қоштасарда кездесуге қатысушылардың барлығы бірігіп «Алоха!» деген сөзді айтып суретке түсті.

Усть-Каменогорское «Алоха!»

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru