Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мәні бар сөз

2011 жылдың 28-30 қаңтарында халықаралық серіктестік Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ Президенті Е.Мәмбетқазиевтің кубогына Халықаралық пікірсайысы болып өтті.

Қонақжай Шығыс Қазақстан жерінде Қазақстан өңірлерінен, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясынан 20 команда құрамындағы делегаттар сөз және  шешендік шеберлігінен жарысқа түсті. Сайыс аясында Республика және таяу шетелдердің өзекті мәселелері қарастырылды.

Сайысты  ұйымдастырушылардың бірі, ҚАЕУ студенті,ҚазМЗУ ректоры кубогының республикалық  пікірсайысының  жеңімпазы, Қазақстан Республикасының жаңадан бастаушылар арасындағы үздік спикері Ешенбаев Ансар атап өткендей,пікірсайысы Қазақстанда 14 жылдан бері өткізіліп келеді, мұндай жарыстар тәжірибе алмасуға, саяси, кең көлемде ойлауға көмектеседі. Бұл пікірсайысының мақсаты – қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.

Ойын американдық парламенттік формат бойынша жүргізілді: бір команда үкімет, ал екіншісі бейілді оппозизия ретінде болды. Әр команда екі қатысушыдан тұрды.

Финалда Астана мен Семей қалаларының командалары кездесті, олар көпполярлы әлем қажеттілігі тақырыбын талқылады. Қорытындысында ҚАЕУ Президентінің кубогына пікірсайысында орындар былай бөлінді:

1 орын – Қадыров Бауыржан – Астана қаласындағы Қаржы академиясының өкілі, Амренова Айгерім – Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті;

2 орын – Темірғазин Роман, Рахимов Алмас – Семей қаласының Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің студенттері;

3 орын - Бектұрсынов  Арман, Ғаббас Сәулет – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері.

Сайыс жүлдегерлері  мақтау қағаздарымен  марапатталып, барлық қатысушылар ҚАЕУ Президенті кубогы Халықаралық пікірсайысына қатысқандықтарын растайтын сертификаттар алды, ал жеңімпаздарға кубок тапсырылды.

«Үздік спикер» номинациясында мақтау қағазын Темірғазин Роман (Семей қаласы) иемденді.

Сайысқа қатысушылар университет басшылығы мен студенттер тарапынан көрсетілген қонақжайлылыққа, жылы қабылдауға, ашықтыққа  өздерінің зор алғыстарын білдірді.

Сайыстың жабылу салтанатында қатысушыларға ҚАЕУ Президентінің кеңесшісі – Анатолий Петрович Злотников арнайы сөз сөйледі. Ол Қазақстан-Американдық еркін университетте мықты пікірсайысшыларды жинайтын жаңа, жақсы дәстүр қалыптасты деп атап көрсетті. Университет біздің Республикада және әлемдік кеңістікте пікірсайыстық қозғалыстың  дамуына көмектеседі, сондықтан да келесі жылы ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевтің кубогына кеңірек көпсатылы пікірсайыс акциясын өткізу жоспарлануда.

Сайысты ұйымдастырушылар демеушілерге – «МЕSTO» ОДО, «Тахами» НК пікірсайысқа қатысушыларға арналған мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін жекелей алғыс білдіреді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru