Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттерінің ОВ-156/3 түзеу мекемесіне экскурсиясы

2017 жылдың 30 наурызында ҚАЕУ «Заңтану» мамандығының 2-3 курс студенттері ШҚО бойынша ТЖБ департаментінің ОВ-156/3 мекемесінде экскурсияда болды.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Қабзолов Асхат Серікұлымен кездесу болып, ол студенттерді мекеме құрылымымен,  экскурсия кезіндегі тәртіп ережелерімен таныстырды.

Осы іс-шараның арқасында студенттер қылмыстық-атқару құқығы бойынша теоретиялық білімдерін тәжірибеде бекіту мүмкіндігіне ие болды. Студенттерге жазаны өтеу тәртібі, қамаудағылардың күн тәртібі, тамақ мөлшері, киім-кешек құрамдау, рұқсат берілген және тиым салынған заттар жайлы толық баяндалды. Сонымен қатар мыналар көрсетілді: клуб, тәрбие кабинеті, жатын орындар, асхана, шаруашылық бөлімі (ағаш тілгіш), шәйхана, кітапхана.

Студенттер түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, жазасын өтеушілерге көптеген сауалдар қойып, оларға  мазмұнды жауаптар алды.

«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru