Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Отбасылық демалыс саябақтары

2017 жылдың 28 наурызында ҚАЕУ ғалымдарының бір тобы - Е.А. Нәбиев, Р.А. Мәмбетқазиева, К.Н. Сакарьянова, Н.Д. Данилова- «Живая земля» корпоративтік экологиялық қордың кеңсесінде болды.

«Живая земля» КЭҚ 2010 жылы құрылған болатын. Оны құру идеясы болашақ ұрпақ үшін тірі ғаламшардың бар алуан түрлілігі мен сұлулығын сақтап қалу мақсатымен байланысты. Қордың міндеті - халық арасында табиғатқа экологиялық және табиғат қорғау іс-шаралары арқылы аялап қарауды қалыптастыру және насихаттау. Қазіргі кезде қор отбасылық демалыс саябақтарын салу бойынша ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Қор жетекшісі Альфия Төленбергенова инновациялық технологияларды қолдану арқылы өсімдіктер өсіру жөніндегі жобаларға қызығушылық танытты. Технология негізінде, ҚАЕУ ғылыми орталығының басшысы Р.А.Мәмбетқазиеваның өсімдіктер өсіру үшін су резервуары болатын  полимерлік материалдарды қолдану жайлы идеясы жатыр. Кездесу барысында тәжірибелік-эксперименттік өсімдіктер отырғызуды жүргізу және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жайлы шешім қабылданды.

Ғылыми-зерттеу бөлімі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru