Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ еріктілер Қауымдастығы : Ана үйіне жәрдем

2017 жылдың 1- сәуірінде ҚАЕУ еріктілер Қауымдастығы қала ұйымдары мен компанияларының еріктілерімен бірлесіп, «Ана үйі» Өскемен филиалы жас аналарының үлкен жаңа үйге көшуіне көмектесті.

2013 жылдың мамыр айында Астанада «Ана үйі» атты жаңа туған сәбилерімен аналарға арнап, алғашқы дағдарыс орталығы өз есігін ашты.  Бұл бизнесмен Айдын Рахымбаевтың бастамашылығымен құрылған сынамалы жоба болды. Оның Қазақстанда жетімдер санын азайту ынтасы, өмірде қиын ахуалға тап болған және балаларын мемлекет қамқорлығына қалдыруға ниетті әйелдер үшін бүкіл ел бойынша баспаналар желісіне айналды.

Жоба мақсаты – сәбиден бас тарту себебіне баса назар аударып, неге бұлай болатынын анықтап, анаға көмектесіп және сәбидің Балалар үйіне түсуіне жол бермеу. Сонымен қатар жалғыз басты әйелдерді қолдау. Дағдарыс орталығында болған кезде ана мен бала жылы ниетті жағдайда болуы үшін мұнда барлығын жасайды. 

Қазақстан бойынша 20-дан астам  мұндай «Аналар үйі» бар. Қоғамдық қор Қазақстанда жетімдіктің алдын алу мақсатында құрылған. Аналар     «Ана үйінде» бір жылға дейін тұра алады,  ең соңғы мерзім  - бала бір жарым жасқа келгенше. Мұнда екі қабатты әйелдерді де қабылдайды – үшінші триместрден.

«Біздің 50% аналарымыз отбасына оралды, қалғандары әлеуметтенуде, жаңа мамандықтар алып, жұмыс істей бастауда. Бұл деректер  баладан бас тартуға итермелейтін қиындықтар уақытша болуы мүмкін екенін және осындай қысқа дағдарыстық кезеңде жәрдем алып, әйелге кей кезде күте тұруы керектігін көрсетеді. Бірде- бір ана саналы түрде баласын тастамайтынына, тек оған дер кезінде қолдау көрсету керектігіне сенімдіміз», –«Ана үйі» ресми сайты  www.dom-mamy.kz

ҚАЕУ еріктілер Қауымдастығы және аналар үйі арасындағы ынтымақтастық Қауымдастық жетекшісі – ҚАЕУ «Психология» мамандығының    2-го курс студенті Мария Иванованың Үйдің үйлестірушісі Оңғарбаева Найлямен кездесуінен басталды.

2017 жылдың ақпан айында  ҚАЕУ студенттік активі НЗМ еріктілер Клубымен бірлесіп, «Бұл үйде тұрады…» атты акция-концерт өткізді, мұнда     интерактивті түрде, көрермендермен өзара әрекеттесіп, орындаушылар әртүрлі  композициялар орындады, бесік жырынан бастап, қазіргі заманғы көпшілікке танымал әндерге дейін.

Студенттік даму орталығы

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru