Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ- нің Глубокое ауданындағы «ҚАЕУ – ШҚО мектептеріне» атты кәсіптік бағдар жұмысы

2017 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университеті және Өскемен экономика және қаржы колледжі оқытушылары ШҚО Глубокое ауданының 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысын өткізді. Іс-шараға «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое ОМ», «Прапорщиково ОМ» ҚММ, «Веселовка ОМ» ҚММ, «Белоусовка №1 ОМ» ҚММ қатысты.

Искендерова Ф.В., PhD докторы, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті мұғалімдерге арнап «Балалардың емтихандарға психологиялық дайындығында мұғалімдер мен ата –аналардың рөлі» атты семинар өткізді.

 «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Вдовина Е.Н., түлектерді мол мамандықтар әлемі жайлы хабардар ету мақсатында, оқушылар үшін «Мен мамандықтар әлеміндемін» атты кәсіптік бағдар тренингін өткізіп, университетке қабылдау ережелерімен таныстырды.

Өскемен экономика және қаржы колледжінің өкілі Сорокина А.В. колледж  және оқуға түсу талаптары жайлы баяндап берді.

Іс –шараға қатысушылардың барлығына, университет пен колледждерге қабылдау жүргізілетін мамандықтар жайлы ақпараттық  материал таратылды.

Мектеп оқушылары мен оларды ертіп жүрген мұғалімдер арасында жүргізілген  сауалнама қорытындылары бойынша, іс-шараны ұйымдастыру жөнінде оңды пікірлер алынды.

Маркетинг және қабылдау бөлімі

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru