Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Халықаралық ынтымақтастық аясында колледждер оқытушыларының біліктілікті арттыру курстары

2017 жылдың 4- 10 сәуірі аралығында Центра развития карьеры и личности ҚАЕУ Мәнсап пен тұлға даму орталығы базасында «Педагогикалық қызметкердің негізгі дағдыларын дамытудың инновациялық әдістері» атты колледж оқытушыларының біліктілікті арттыру курстары өтті.

Курстар Қазақстан – Американдық еркін университеті мен Тұтыну кооперациясы Сібір университетінің (Новосибирск қаласы, Ресей) жалғасып отырған ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Курстар бағдарламасына қатысу үшін  Өскемен қаласына ресейлік серіктес –ЖОО колледжінің 5 оқытушысы келді, олар әріптестері–ҚАЕУ колледжі мен Өскемен  экономика және қаржы колледжі оқытушыларымен бірге, ҚАЕУ шетелдік оқытушылары мен университеттің жетекші оқытушыларының курстарын тыңдады.

Ағылшын тілінің сертификатталған  оқытушысы Кэтлин Хайд бағдарлама қатысушыларына арнап «Encouraginghigherorderthinkingskills» курсын даярлады. Профессор, PhD докторы Лу Фолтц «Emoutionalplatformsforclassroomlearning» семинарын өткізді.

Сонымен қатар, курстар бағдарламасына педагогикалық жұмысты жоспарлағанда тиімді тайм-менеджмент құралдары (PhD докторы Искендирова Ф.В.), қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық проблемалары  (з.ғ.к. Гаврилова Ю.А.), IAAP-қа сәйкес қаржы есебі (аға оқытушы Трофимова Ю.В.), біліми-тәрбиелік ортада тиімді көшбасшылық  қағидалар (МВАКабардина А.В.) бойынша тараулар кірді.

Мәнсап пен тұлға даму орталығы.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru