Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері кезекті рет волейболдан Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды

Қазақстан Республикасы Ұлттық  лига шеберлерінің волейболдан қорытынды  кезеңі Өскемен қаласында өтті. Чемпионатқа 6 команда қатысты: «Жетысу» (Алматы облысы), «Павлодар» ( Павлодар қаласы), «Алматы» (Алматы қаласы), «Астана» (Астана қаласы), «Қарағанды» (Қарағанды қаласы) және «Алтай» командасы (Өскемен қаласы).

Финалдық кезең барлықтары үшін оңай болған жоқ, өйткені ол шешуші болды. Командалар аянбай күресті. Барлық кедергілерге қарамастан біздің  волейболшы қыздарымыз өз чемпиондықтарын дәлелдеп, Қазақстан Республикасының екі мәрте чемпиондары атанды.

 «Алтай» командасының құрамында ҚР чемпиондары атағына   Қазақстан-Американдық еркін университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Сахарова Екатерина мен Жақсыбаева Мөлдір ие болды. Ал «Алтай 2» командасының құрамында  Жоғары  лигада, сонымен бірге ҚР чемпиондары атағын ҚАЕУ студенттері Бортникова Диана, Ежікенова Лейла және  Мейстер Елизавета жеңіп алды.

«Педагогика және  психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru