Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ҚАЕУ – ШҚО мектептеріне»: ҚАЕУ-нің Жарма ауданындағы кәсіптік бағдар жұмысы

2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университеті мен ҚАЕУ колледжі оқытушылары «Георгиевка орта мектебі» ҚММ базасында, ШҚО Жарма ауданы мектептерінің 11 сынып оқушыларымен «ҚАЕУ –ШҚО мектептеріне» атты іс-шара өткізді.

«Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Қызыкеева А.Б. мен Ларина М.В.   мұғалімдерге арнап «Білімдегі көптілділік саясаты жағдайларында шетел тілін оқытудың заманауи әдістемесі» атты семинар даярлады. Семинар аяқталған соң мұғалімдерге  сертификаттар тапсырылды.

 «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Алиқанова Э.А.  мектеп бітірушілерді сансыз мамандықтар әлемімен таныстыру мақсатымен «Мен мамандықтар әлеміндемін» атты кәсіптік тренинг даярлап, университетке қабылдау ережелерін түсіндіріп берді.

ҚАЕУ колледжі өкілдері Сапарғалиева Г.С. мен Зимановская А.А. колледж жайлы, оқуға түсу талаптары жайлы баяндап беріп, мұғалімдерге арнап «Математиканы оқыту барысында ойындық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың ынталануын және білім сапасын арттыру» тақырыбына семинар өткізді. Семинар аяқталған соң мұғалімдер тағы да сертификаттар алды.

Маркетинг  және қабылдау бөлімі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru