Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өнер алды – қызыл тіл

Халықаралық серіктестік және «Үш тұғырлы тіл» жобасы аясында Шығыс Қазақстанның облыс орталығында Қазақстан-Американдық еркін университеті, ҚАЕУ шетелдік серіктесі Маршалл Кристенсен қорының (АҚШ), «Дарын» ШҚ ӨҒТО және «Менің қалам» Қамқорлық кеңесінің қолдауымен екінші жыл қатарынан ағылшын тілінен олимпиада өткізіп отыр.

Олимпиаданың ашылуында қазақ, орыс және көбінесе ағылшын тілінде сөйленді. Оқушыларды ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиев, әділ қазылар алқасының төрағасы, «ҚАЕУ Құрметті профессоры» - Патрик Митчелл құттықтап сөз сөйледі және осы шараға  байланысты сонау Бразилиядан олимпиадаға қатысушыларға ҚАЕУ вице-президенті Д.Бэлласт бейне-жолдау жіберді.

Бұл жылы «Striving for Excellence» Көктемгі олимпиада, Өскемен, Семей қалалары, Аягөз, Жарма, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті, Үржар аудандарының 48 мектептерінің 9-11 сыныптарының 190-ға жуық ағылшын тілінің білгірлерін жинады. Ережеге сәйкес әр мектептен 4 адамнан тұратын команда сынға түсті.

Сөйлеу,жазу,оқу дағдылары және  үздік грамматикалық дайындықпен қатар оқушылар белгілі бір тақырыпқа американдық оқытушылармен пікірталастан өтулері тиіс болды.

Олимпиада аясында қатысушыларды ертіп жүрген мұғалімдер үшін батыс технологияларын қолданып ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері бойынша семинар өткізілді.

Лайықтылардың ішінен лайықтысын құрамына АҚШ-тан келген оқытушылар - Патрик Митчелл, Мара Голсон, Джереми Лайб, Мерайя Кори  және ҚАЕУ оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айгерим Аманкулова кірген әділ қазылар алқасы таңдап алды.

3 турдың қорытындылары бойынша жеңіске  мен жүлделі орындарға келесі командалар қол жеткізді: 1 орын - Өскемен қаласының №10 МГ, 2 орын - Өскемен қаласының Қазақ – түрік лицейі, 3 орын - Өскемен қаласының №38 МГ. Жеңімпаздар олимпиада сертификаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қатысушылар тапсырмалардың күрделілігінің жоғары деңгейін, әділ қазылықты және Қазақстан-Американдық еркін университетінің ерекше қонақжайлығын атап өтті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru