Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Шахмат пен тоғызқұмалақтан ҚАЕУ біріншілігі 1

2017 жылдың 5 және 6 сәуірінде ҚАЕУ президенті жүлдесіне жыл сайынғы Спартакиада аясында шахмат пен тоғызқұмалақтан дәстүрлі жарыстар болып өтті. Жарысқа  ҚАЕУ, ҚАЕУ колледжі, ӨК ЭҚК студенттері қатысты.  Жарыс өткізу тәртібіне сәйкес әр команданың құрамына екі  жас жігіт пен бір қыз бала кірді.

Шахмат турнирінің командалық есебінде  құрметті I орынды университет командасы жеңіп алса, II орынды – ҚАЕУ колледжі,  III  орынды ӨК ЭҚК  студенттері иеленді.

Тоғызқұмалақтан I орынды ҚАЕУ колледжі командасы жеңіп алды, II орында - ӨК ЭҚК студенттері.

 Жыл өткен сайын осы спорт түріне деген студенттердің қызығушылығы артып келеді. Дәстүрге айналған үстел ойындарының спорт түрлері жоғары деңгейде өтті.

Жарысты ұйымдастырып өткізгендер: ҚАЕУ колледжінің оқытушысы– Төлеуханов К.Т. (бас төреші) және   ӨК ЭҚК оқытушысы – Полторыхин А.И. (бас төрешінің көмекшісі).

Аталмыш жарыс бүкіл әлемде 6 сәуірде мерекеленетін Халықаралық спорт күніне орайластырылды.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru