Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақ тілінде білім беру мен оқытудың инновациялық үдерістері: мәселелер, заңдылықтар, болашағы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция

456

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасы шеңберінде 22 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жерлесіміз, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, белгілі тілші, ғалым Бағдан Қатайқызы Момынованың 60 жылдық мерейтойына және «Қазақстан халықтары тілдер күніне» арналған «Қазақ тілінде білім беру мен оқытудың инновациялық үдерістері: мәселелер, заңдылықтар, болашағы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Өскемен, Семей, Астана, Қызылорда, Атырау қалаларының, сондай-ақ «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының» өкілдері қатысып, қазіргі уақыттағы ең өзекті болып саналатын мемлекеттік тіл жағдайы, үштілде білім беру және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселелерін қарастырды.

Аталмыш конференцияға Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Едильбаева Г.Б. және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері де конференция жұмысына қатысып, өз ойларын ортаға салды. 

«Педагогика және психология» кафедрасы

78

99

123

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru