Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

КӨШБАСШЫЛЫҚ САБАҒЫН берді

 КӨШБАСШЫЛЫҚ САБАҒЫН берді Еске салайық,бұл  химия-биологиялық бағыттағы мектеп 2010 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын. Сондықтан  химия ғылымдарының докторы, профессор Е.Ә. Мәмбетқазиевқа оқу орнының дарынды оқушыларымен бөлісетін ойлары жеткілікті болды.  

         Мектеп директор Күльфарида Раисова  құрметті қонақпен таныстырып, Қазақстан білімі мен ғылымының ең танымал көшбасшыларының бірінің өмірі мен қызметі және Қазақстанның Шығысындағы алғашқы университетті қалыптастырудың бастамашысы мен тұңғыш ректоры, министр және реформатор  жайлы қысқаша   баяндап берді... 

        ҚАЕУ мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің миссиясы көбіне бірыңғай.  Университет пен мектеп білім берудің көптілді инновациялық үлгісін енгізу арқылы зияткерлік әлеуетті дамытуды көздейді. Өңірдің дарынды балаларын іздеп табу және оқыту қашанда  маңызды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін қолданатын, осымен отандық та, әлемдік те еңбек нарығында сұранысқа ие түлектер мен мамандарды даярлау.

         ҚАЕУ миссия мен жетістіктері, халықаралық серіктестік тұңғыш      ЖОО жайлы ҚАЕУ президентінің кеңесшісі  Анна Кабардина баяндап берді. Оның ағылшын тілінде еркін сөйлеген сөзі жас тыңдаушыларға терең әсер етті.   

        Кездесуге қатысушылар ректор және ғалым Ережеп Мәмбетқазиевқа қызықты сауалдар қойып, тартымды жауаптар алды. Кездесу еркін пікір алмасу ахуалында өтіп, сонымен бірге заманауи көшбасшылық және шынайы өмір құндылықтары жайлы сындарлы әңгіме болды. Оның бәрі мектепке сыйлаған ғалымның   монографиясында мазмұндалған. 

                                                    

                                                    Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Орталық

 

IMG 0343

 

IMG 0343

IMG 0343

IMG 0343

IMG 0343

IMG 0343

IMG 0343

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru