Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қазақстан латын әліппесіне неге оралады?» пікір- талас

IMG 20171010 WA0037

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманның технологиялық ортаның коммуникациясының, сондай-ақ XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшелігіне байланысты »,- деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу-заман талабы.

Осыған орай, 6 қазан күні сағат 15:00-де Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №7 бөлімшесінің кітапханашылары Елбасын қолдап, «Қазақстан латын әліппесіне неге оралады?» атты дебат өткізді.Аталмыш іс-шараға университетіміздің 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысып,қоғамда қызу талқыланған мәселелерді ортаға салып, өз ойларын айтты.Студенттер өз ішінде даттаушы,жақтаушы жаққа бөлініп, олар айтқан дәйекті пікірлерін сарапшы топ талқылады.Берілген тақырып бойынша латын әліпбиінің қоғамға тигізер оң және теріс әсері таразыға салынды.Сондай-ақ студенттер кітапхана бойынша шағын саяхат жасады.Шара соңында студенттер кітапханада бой көтерген білім ағашына өз ұсыныстары мен тілектерін жазып қалдырды, ойын түріндегі сергіту сәтін өткізді.Кітапхана пікір- сайысқа қатысқан екі топқа да қазақ классигі Дулат Исабековтың 7- томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.

«Педагогика және психология» кафедрасы

IMG 20171010 WA0032

IMG 20171010 WA0033

IMG 20171010 WA0034

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru