Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өткен жұма күні Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырысында ҚАЕУ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ талқыланды

Бас ғимараттың жаңа мәжіліс залында (Горький көшесі, 76) ҚАЕУ-нің бүкіл ұжымы жиналды. Отырыстың күн тәртібі университет қызметінің барлық қырларын қамтыды. Ғылыми Кеңесте ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев төрағалық етті. 

Бизнес, құқық және педагогика   факультетінің  деканы Галина Мензюк өткен алты жылдағы (2011-17 жылдар) ҚАЕУ дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижелеріне талдау жасап, алдағы төрт жылға (2018-22 жылдарға) ҚАЕУ даму стратегиясын қарастыруды ұсынды.  

       ҚАЕУ колледжі және ӨК ЭҚК ахуалы мен келешегі жайлы олардың директорлары Марина Кикина мен Ерсайын Нәбиев хабарлады.  Университет қаржы-шаруашылық қызметіне бас бухгалтер Татьяна Колмогорова талдау жасады.  «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Юлия Новицкая кадрларды үштілді даярлау бағдарламасын жүзеге асыру жайлы хабарлады. Халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының даму келешегі – бұл жайлы департамент   директоры Серік Әбілов өз сөзінде баяндап берді.  Өткен қабылдау науқанының қорытындылары қандай және алдағы оқу жылында студенттер құрамын қалай қалыптастыру керек–маркетинг және қабылдау  бөлімінің бастығы Татьяна Жапарованың ақпараты ҚАЕУ-не оқуға түсушілер саны өсуінің оң үрдісі жайлы дәлелдейді.

Жиналғандар алдында ҚАЕУ президені, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев қорытынды сөз сөйледі.

- Стратегиялық жоспардың орындалуы жайлы мәселе – бұл іс жүзінде біздің мүмкіндіктерімізді өзіміздің бағалауымыз, - деп атап өтті баяндамашы, - ұжымның нағыз әлеуетін: неге қол жеткіздік, қай жерде өзімізді асыра бағаладық. Ал кей жерде аяғына дейін жеткізбедік. Негізгі қорытындылар қандай? 129 индикаторлардың 100-і орындалды.  Олардың бір бөлігі келесі жоспарға ауысады. Бұл біздің барлық оқытушыларымыз, қызметкерлеріміздің сіңірген еңбегі, сол үшін алғысымды білдіремін. Сөзсіз жетістігіміз - қазір біз отырған ғимараттың табысты қайта құрылысы. Даму үшін қажетті материалдық база үшін ауқымды несиелерге қарамастан, біз әдеттегідей, нақтылы жұмыс нәтижелері үшін осы жылы жалақының өсуін қамтамасыз еттік. Күрделі демографиялық ахуалға, ЖОО арасындағы қатаң бәсекеге қарамастан, біз талапкерлерді қабылдауды тұрақты қамтамасыз етіп отырмыз…

Ғылыми Кеңесте қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ортал

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru