Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өскемен қаласының белсенді жастарымен кездесу

 IMG 2878

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында  9 қараша 2017 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі, 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы, ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы Айнұр Әбдірәсілқызымен Өскемен қаласының белсенді жастары кездесті.

Кездесуде  діни сауаттылық мәселелері талқыланды, оның ішінде жихат, хиджаб, қыз баланың тәрбиесі, адамның көркем мінез-құлығы туралы айтылып, жастардың дін туралы өзекті сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ бұл кездесуге Нұротан партиясының өкілдері, мешіт қызметкерлері, оқытушылар қатысты. Біздің университеттен  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері: Идаятұлы Кашап, Ниязбек Гүлнұр, Авилхан Хуанган, Қабденова Айдана, Амантаева Есенгүл, Дәуренұлы Аян өз ойларымен бөлісіп және діни сауаттылық мәселелері бойынша білімдерін молайтты.

«Педагогика және психология кафедрасы»

IMG 2862

IMG 2864

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru