Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қарымды журналист Әлібек Қаңтарбаев 70 жаста.

 IMG 2748

10 қараша  2017 жылы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы және Журналистер Одағының  мүшесі, Өскемен қаласы мен Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты,  «Тіл жанашыры-2009» төсбелгісінің иегері, ақын, жазушы, публицист Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлының 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-шығармашылық кеш өтті.

Кеште мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығы бойынша театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Бұл игі шараға  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері Ә.Асқаров, «Дәуір» баспасының Президенті, ақын Қ.Бегманов,Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А.Булавкина, Семей қаласының әкімі Е.Б.Сәлімов, Зайсан, Катонқарағай, Глубокое, Тарбағатай аудандары әкімдігінің өкілдері, Өскемен қаласының зиялы қауымы мен тіл, әдебиет жанашырлары, студенттер, туыстары мен жора-жолдастары қатысып, мерейтой иесінің беделін арттырды.

Әдеби кештің көрермендері ретінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқытушылары мен студенттері де қатысып, жағымды әсер алып қайтты.

«Педагогика және психология» кафедрасы

IMG 2737

IMG 2908

IMG 2927

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru