Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Шәкәрімнің үш анығы –бақытқа апарар үш баспалдақ» кітабының тұсаукесері

IMG 3296

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 23 қараша 2017 жылы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында сазгер, дәстүрлі емес медицина шебері, биоэнерготерапевт, Дүниежүзілік психологтар, дәрігерлер, рухани және халық емшілері ассоциациясының мүшесі Бағдат Есдәулетовамен шығармашылық кездесу кеші және оның «Шәкәрімнің үш анығы –бақытқа апарар үш баспалдақ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесу барысында Б.Есдәулетованың балалық шағына шолу, шығармашылық еңбек жолы туралы сұхбат-әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, «Шәкәрімнің үш анығы –бақытқа апарар үш баспалдақ» кітабының жазылу тарихы, Шәкәрімнің үш анығының мазмұны, маңызы жайлы сөз қозғалды. Композитор 60–қа жуық әндердің авторы екен. Кеште Ұ.Есдәулетовтың сөзіне жазылған Бағдат Есдәулетованың бірнеше әндері орындалды.

Автор көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, өзінің жылы лебізін, тілектерін білдірді.

Айтулы тұсаукесерге университетіміздің «Психология» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.

«Педагогика және психология» кафедрасы

  

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru