Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жалпыұлттық жаппай диктант өткізілді

IMG 20171127 WA0040

2017 жылғы 27 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстағы жоғары оқу орындары арасында «Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы» тақырыбында латын графикасы негізінде қазақ тілі бойынша жалпыұлттық жаппай диктант жаздыру акциясы болып өтті.

Бұл аталған шараға Қазақстан-Американдық еркін университетінің Американдық бағдарламасы студенттері және «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Психология», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Заңтану», «Қаржы». Кіріспе ретінде «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Г.Б.Едильбаева мен Н.К.Тургумбаева жалпы қазақ тіліне латын графикасын енгізу туралы студенттерге ақпарат берді. Студенттер 153 сөзден тұратын «Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы» тақырыбында диктант жазды. Диктанттың қорытындысы бойынша қатысқан студенттердің 50 пайызы «4» пен «5»-ке жазып шықты. Әсіресе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Жәмсап А., Иманова А., Абилова С., Мауенова А., Кабденова А., Рахметолдинова Б.,Дәурен А., т.б студенттерді еркеше атауға болады.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru