Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жаңа әліпби орталығының ашылуына қатысу

latin 1 4

Еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты өткізілді. Мерекелік жиынға ҚАЕУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева Н.К., сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, филолог-мұғалімдер, оқушылар қатысты. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин. 

Бүгінгі күннен бастап жаңа әліпбиде сауатты жазуды үйренгісі келетіндер үшін арнайы Орталық салтанатты түрде ашылып, қонақтар арнайы латын әріптерімен безендірілген тәтті шашудан дәм татты. 
Дәл осы күні жаңа әліпбимен таныстыратын алғашқы бейнежазба сабағы өткізілді. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізді. Сабаққа «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева Н.К., және басқа жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты. Бейнежазба сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттасты. 
Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығында пайдаланушыларға кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылатын болады. 

Кафедра «Педагогики и психологии»

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru