Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кіші атамекенге көмек

DSC04737

Міне дәл осындай мақсатпен ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев осы күзде РФ Астрахан облысы, Володар ауданының Калинино ауылында болды.

Туған жерге сапарының себебі - ауыл мектебінің 100 жылдық мерейтойы болды. Екі жыл бұрын ауылдастары мен жергілікті басшылық, ресми түрде мектепті оның атақты түлегі – академик Ережеп Мәмбетқазиевтың есімімен атаған болатын.

20 қазанда Калинин ауылдық мектебінде адамдар ерекше көп болды.Әр жылдардың түлектері, педагогтар мен ардагерлер өткен жылдарды еске алды; басшылар, депутаттар, жұртшылық өкілдері болашақ жайлы әңгімеледі.

- Мен барша педагогтарға ризамын! – деп атап көрсетті Володар ауданының басшысы Батыршын Миндиев. - Ұзақ жылдар бойы Сіздер балаларымызды парасаттылық пен жақсылыққа үйреттіңіздер! Мектептің көптеген түлектері өздерінің кіші отандарын одан алыстағы шетелдерге әйгілей алды!

Осы мектептің партасында отырып оқып, жетіжылдықты аяқтаған балықшы отбасының баласы, кейіннен әлемге танымал ғалым, тәуелсіз Қазақстанның білім және ғылым министрі болды және 33 жылдан астам уақыт ЖОО ректоры, президенті қызметін жалғастыруда.

- Қабырғасында болашақ дарынды мамандар, еңбеккерлер, басшылар, ғалымдар мен педагогтар, жазушылар қалыптасқан мектепті мақтан тұтамын, – деп атап көрсетті Ережеп Мәмбетқазиев өз сөзінде. – Мен мектебімізді озық және танымал еткен, оның құнды дәстүрлерін одан әрі жалғастыруы үшін жерлестеріміз мен жұртшылық алдындағы жауапкершілікті бөлісемін. Сонымен бірге, бізді үлкен Каспий мен мемлекеттік шекара бөліп тұрса да, біз бауырлас ел болдық, болып отырмыз және болып қала бермекпіз, өйткені бізде ортақ нәрселер көп. Осындай тату көршілік қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігіне, Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкинге, Володар ауданының әкімшілік басшысы Батыршын Миндиевке және барлық біздің жерлестерге ерекше ризашылығымды білдіремін.

Осындай қатынастарды дамыту үшін, Ережеп Әлхайырұлы Калинин мектебінің түлектерін, кейіннен шетелде іс-тәжірибеден өтетін мүмкіндік беретін Қазақстан-Американ еркін университетіне оқуға шақырды. Бұл үшін жыл сайынғы, «Үздік мұғалім» және «Дарынды оқушы» гранттары секілді арнайы гранттар белгіленді.

«Володар ауданы» ЖҰ Кеңесінің төрағасы А. Черчинцев, «Володар ауданы» ЖҰ әкімшілігі білім бөлімінің бастығы А. Джумартов, облыстық думаның депутаты Б. Джантуреев, ТМД елдері және Ресей өңірлері өңіраралық ынтымақтастық секторының меңгерушісі Н. Шаймаков, «Калинин сельсоветі» ЖҰ әкімшілігінің басшысы Б. Асанова, «Калининский» балық совхозының төрағасы Г. Шаймаков, ардагерлер мен түлектер құттықтау сөздермен және естеліктерімен бөлісті. Мектеп педагогтары мен ардагерлері құрмет мадақтамаларымен және алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік концерт болып өтті.

Мектеп аумағында жаңа спорт алаңының ашылуы барша қауымға қуанышты оқиға болды. Лентаны кесудің құрметті құқығы академик Ережеп Мәмбетқазиев пен аудан басшысы Батыршын Миндиевке берілді.

- Мен біздің құрметті жерлесіміз Ережеп Мәмбетқазиевқа туған мектебіне алаңдаушылығы, ықыласы мен жан-жақты көмегі үшін ризашылығымды білдіремін. – Деп атап өтті Батыршын Миндиев рәсім барысында. – Бұл алаңға ол өзінің жеке бюджетінен жарты миллион рубль бөлді және де бұл оның тарапынан бірінші қаржылық қолдау емес.

Жаңа спорт алаңында Калинин, Марфин және Мултанов орта мектептері командалары арасында мини-футболдан алғашқы турнир болып өтті. Ойындар қорытындысы бойынша бірінші орынды турнир иелері – академик Ережепа Мәмбетқазиев атындағы Калинин ОЖБМ жеңіп алды.

ҚАЕУ ақпарат қызметі

DSC04737

DSC04737

DSC04737

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru