Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ТІЛ-ПАРАСАТ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

20180215 183054

15.02.18 ж. күні Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында «Тіл - парасат» атты байқауын өткізді. Аталмыш байқауға университетімізден «Шет тілдері» мамандығы бойынша американдық бағдарламада білім алып жүрген 1курс студенті Просяной Илья қатысты. Сайысқа жанкүйері болып қазақ тілі пәні бойынша оқытушысы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы барды.

 Сайыс шарты бойынша қатысушылардың жасына 20-25 жас аралығы деп шектеу қойылған, сондықтан қазақ тілінен бағын сынайын деп келгендер арасында тек 3 студент және қалғандары мектеп мұғалімдері мен басқа мамандық иелері.

Қазақ тілі білгірлерін анықтауды көздеген бұл сайыс 4 кезең бойынша өтті: лексико-грамматикалық тест, эссе, ауызша монолог пен үй тапсырмасы. Илья барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, 11 қатысушының ішінде 3-ші орынға иеленді. Ұйымдастырушы жақ жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапаттады.

Қазақ тілін үйренудегі еңбегіңнің жемісін көре бер, Илья!

«Педагогика және психология» кафедрасы»

20180215 164438

20180215 183133

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru