Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Жаңа қоғамның педагогы»

DSC 0308

Қазіргі кезде қоғамымыздың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – білім беру мазмұнын жаңарту үрдісі. Осы мәселеге үн қосу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлы дала жастары» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Педагогика және психология» кафедрасында «Жаңа қоғамның педагогы» атты студенттердің клубы ашылды. Клубтың жоспарына сай,  2018 жылдың ақпан айының 27-жұлдызында қаламыздың «№3 Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімдері Онбаева Света Шаймуратовна мен Бакиянова Бакыт Женисхановна «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді. Бұл шараға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Практик-мұғалімдер білім беру жүйесіндегі болып жатқан тың өзгерістерге қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru