Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақ тілі сабағындағы Қауышу күні

 DSC 0102

Қауышу күні—«Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Екінші аты - көрісу күні.  Көрісу күні бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандықтарына тәубе келтіреді.  Еліміздің батыс және оңтүстік облыстарында, Ресей, Қарақалпақстан қазақтары арасында елден ерек тойланады. Қауышу күні 1918 жылға дейін 1 наурызда тойланып, күнтізбеге өзгерістер енгізіллген соң, 14 наурызға шегерілді. Сондай-ақ 1-наурыз күні Қазақстан Халықтар Ассамблеясының құрылу күні болғандықтан, бұл күн Алғыс айту күні деп те жарияланып отыр.

01.03.2018 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен қазақ тілі сабағында Қауышу күнін өткізді. Сабақ барысында оқытушы студенттерге Қауышу күнінің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып, соңында пысықтау сұрақтарын қойып, қазақ тілінің айтылым, тыңдалым әрекеттерімен ұштастырды. Студенттер бір-біріне алғыс, мақтау сөздер мен ізгі тілектерін айтып, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын сыйға тартты. Сабаққа қонақ болып қатысып отырған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері де бұл шараға қатысып, жаңадан танысып отырған «Шет тілі» мамандығы студенттерімен төсқағыстырып, тілектерін айтып, қазақ тілінің байлығы мен әсерлілігін көрсетті.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru