Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

IMG 3598

5 наурызда 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқытушылары мен студенттері А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған конференцияда ағартушы-ғалымның қазақ тілін дамытуға, қазақ жазуының тарихына қосқан үлестері туралы айтылды, латын қарпіндегі жаңа әліпбидің өзектілігі тағы бір мәрте атап өтілді.

Конференцияның пленарлық отырысында қазақ жазуының тарихы, А.Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі және латын қарпіне негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері талқыға салынды. «Педагогика және психология» кафедрасының доценті Нұрланова Ә.Н. пленарлық отырыста «Латын графикасы және қазақ орфографиясының кейбір мәселелері» атты баяндама жасап, әліпбидің жаңа нұсқасына ғылыми-лингвистикалық талдау жасады. 

Конференция аясында қатысушылар «Латын әліпбиі – өркениет жазуы» және «А. Байтұрсыновтың еңбегі және жазу реформасы» атты екі секцияда жұмыс істеді.

Ғылыми-практикалық конференцияға ғалымдар, зиялы қауым, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 «Педагогика және  психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru