Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы»

DSC 0077

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 10 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» атты семинар өткізілді. Оған Шығыс-Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинарды өткізуші «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы латын әліпбиінің әлемдегі ең кең таралған жазу жүйесі екенін айтып, жазу тарихына шолу жасады. Семинар барысында қатысушылар пікірлерімен алмасып, қазақ тілін латын әрпіне ауыстырудың мәселелері мен нұсқалары талқыланды. Шараға қатысушылардың пікірлері бойынша, латынға көшу – ұзақ уақытты талап ететін үрдіс. Алайда оның артықшылығы – әлемдік ақпарат кеңістігіне ену.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын беретін әріптердің нұсқалары ерекше талқыланып, семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

 «Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru