Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ұстаз туралы естелік

AsqnDJFIwPE

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген , естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын , еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі , мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл , жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл , ержүрек болуы керек», – деген Әл – Фараби бабамыздың сөзі менің аяулы да, ардақты ұстазым Нұрлан Тұрсынбекұлын меңзегендей.

Ақпан 7-күні ұстаздық саласында өзіндік із қалдырып , құйырықты жұлдыздай жарқ етіп, небәрі 49 жасында өмірден озды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында көптің сүйікті ұстазына айналып үлгерген, ұстазымыздан осылайша тез айырылып қаламыз деп еш ойламадық. Зымырап өтер уақытта қандай жағдай болмасын көндігу оңай емес екені мәлім.Ұстазымыз нұр шашқан жанарымен, ойлы сөздерімен бүкіл шәкірттерін тек ізгі қасиетке, жақсы бастамаларға жетелейтін.Ұстазым мені өз есімімен кей сәттерде ғана атап, көп кезде «староста» деп шақыратын әсем үні әлі күнге құлағым келеді.

Мен көрген ұстаздардың арасында ерекше есімде қалатын, өзінің білімділігімен, адамға тән адамгершілік қасиеттімен, ұжымының алдында да, оқытқан шәкірттерінің алдында үлкен құрметке ие болған жан еді.

Нұрлан ағаның берген білімі, оқытқан сабақтары, айтып түсіндірген дәрістері менің есімнен ешқашан өшпейтін естелік болып қалды.

Ұстазым өз сөзінде ылғи да «Мен оқытып түсіндірген сабақтарды мен өзім қалай білемін, қалай сөйлеп, қалай түсіндіріп берсем, мен оқытқан шәкірттер маған дәл солай түсіндіріп, айтып беруі керек» деп талап қоятын. Мен үшін бұл қағида нағыз ұстаздыққа тән дер едім.

Ардақты ұстазым қысқа ғұмырында дабырлатып, дауылдатпай ақ білім саласында да, басқа да салалар талай қайырлы істер тындырып кетті. Университет көлемінде ұстазымыз бар кезде жиі семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұратын. Әр шәкірттің ерекше қарым – қабілеттін байқаған ұстазым олармен шығармашылық жұмыстарды бірлесіп жасайтын. Өзінің білгенін өзгелерге керек ау деген ниетпен ұстазым артына үш кітап жазып қалдырды. Ендігі кезекте біз үшін ұстазымызды еске салар артынан тағылымды істері, үлгі өнегесі, ұрпағы мен шәкірттері қалды.

Жоқсыз ұстаз жанымда сеземін мен,

Өлім келер әркімге кезегімен.

Бұл күндері сағынып жиі іздеймін.

Өкінішім басылмас өзегімнен.

Қиындығы мол өмірдің жолы бұралаң,

Сол жолдан ұстаз ылғида сізден үлгі алғам.

Қапыда кетіп жүрекке жара салдыңыз...

Ана өмірде сізге қамқоршы болсын бір Аллам.

Ұстазымыздың жарқын бейнесін достар мен әріптестері, шәкірттері әлі ұмытқан жоқ. Ұстаздық қызметте бірге істеген жылдарында әріптестерінің, шәкірттері мен менің жүрегімнен ойып тұрып орын алған ұстазымды мәңгілік жадымыз бен жүрегімізде сақтайтынымыз анық. Артында қалған жары мен балалары әрқашанда аман болып, ұстазым қалағандай бақытты ғұмыр кешуді Алла нәсіп етсін деп тілеймін.

Жалған өмір , алданған қапы жаным,

Ұстазымды еске алып ах ұрамын.

7- ақпан кеткелі арамыздан

Жеті рет күз сарғайтқандай жапырағын.

Балалықтан болды ма ісімде мін,

Мен ұстаз қадіріңді түсінбедім.

Үйренерім көп еді әлі сізден...

Соны ойласам тулайды ішімде мұң.

Ақылым жетер өмірден таппасыма,

Сіз келмессіз қонса да бақ басыма.

Елестесем ұстазым сізді көрем,

Көзім түссе 705- аудитория тақтасына.

Шығарар ұрпағыңыз атыңызды,

Сүйсіндіріп, жақын мен жатыңызды

Әлгі біздің ардақты Нұрланымның

Ұрпақ қалды дегізер атына ізгі.

Ермекова Аяулым

3-курс студенті,  «Қаржы» тобы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru