Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ынтымақтастық болашағын ҚАЕУ президенті Е. Мәмбетқазиев және Батыс-Саксон университетінен келген (Германия) профессорлар К. Браувайлер мен Б. Цирклер талқылады.

IMG 0684

Ережеп Әлхайырұлы германдық әріптестеріне белсенді ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Шетелдік серіктестер ҚАЕУ-ін, инфрақұрылымдық және ғалым-педагогтар мен студенттердің шығармашылық ізденістері тұрғысында тиімді дамып отырған университет ретінде сипаттады.

Талқылауға Цвикау қолданбалы ғылымдар Батыс-Саксон университетінде ҚАЕУ оқытушыларының тағылымдамасы мен студенттердің оқуы мәселелері, «менеджмент» мамандығы бойынша қос диплом докторантурасы бағдарламасын ұйымдастыру мәселесі шығарылды.

Профессор, ғылым докторы, ҚАЕУ құрметті профессоры Кристиан Браувайлер ҚАЕУ-не төртінші рет келіп отыр. Бұл күндері ол және оның әріптесі Бернд Цирклер жас ғалымдар форумына қатысып, баяндамалар жасап, университет пен колледждер студенттеріне арнап семинарлар өткізуде. Кристиан Браувайлердің жетекшілігімен ҚАЕУ-нің студенттерінің бір тобы 2017 жылдың мамыр айында Батыс-Саксон университетінде тағылымдамадан өтті.

Ережеп Мәмбетқазиев кездесуге өзінің қанағатанғанын білдіріп, серіктестіктің жемісті болуына үміт артты.

ҚАЕУ ақпараттық қызметі

IMG 0677

IMG 0680

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru