«Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы» бейне-сабақ

20180329 152524

2018 жылдың  29 наурызы күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында «Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы» атты бейне-сабақ және А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызымен онлайн кездесу өтеді. Бұл кездесуге Қазақстан-Американдық еркін университетінің филолог-мамандары Нурланова А.Н. және Едильбаева Г.Б. қатысты.

Бұл сабақ жақында жаңа әліпбиге енгізілген өзгертулерге арналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпанында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 « Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» № 637 Жарлығына қол қойды.

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында апострофтер жоқ, диакритикалық белгілер бар.

Жаңа әліпбидегі Ә, И, Й, Ғ, Ң, Ө, Ү, У әріптерінің жазылуы өзгерген, сондай-ақ,  диграфтар (sh, ch) енгізілген.

Кездесуге жоғары оқу орындары, колледждер және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары, филологтар, филология факультетінің студенттері қатысты.

«Педагогика және психология» кафедрасы

20180329 152655