Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ – Назарбаев Университеті

КАСУ – Назарбаев УниверситетҚазақстан - Американ еркін университетіне құрамында Назарбаев Университетінің (НУ) президенті Шигео Катсу, НУ  ғылым және технология Мектебінің профессоры Юджин Дуглас және НУ қабылдау жөніндегі Департаменттің менеджері Гульназ Булебаева бар Назарбаев Университетінің делегациясы ресми сапармен келіп қайтты.

Астаналық әріптестер ҚАЕУ президенті Е.Ә.Мәмбетқазиевпен және университеттің қызметкерлерімен, оқытушылық-профессорлық құрам және студенттермен кездесу барысында еліміздің Шығысындағы университеттің халықаралық ынтымақтастықта жеткен зор табыстарымен танысты.

Шигео Катсу университет басшылығына кездесу мүмкіндігін ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, қазақстандық жоғарғы оқу орындарына тікелей бару арқылы  жете танысқысы келетінін  атап өтті.

Бұл жерде  ол көптеген бастамашылықтар мен ғажап идеяларды көріп, ойландыратын жағдайларға кездескенін айтты. Қазақстан-Американдық еркін университетімен танысудан ерекше әсер алды. Шигео Катсу университеттің академиялық өзгешелігіне, автономдылығына, ерекше бағдарламаларына тәнті болды.

Кездесу барысында  тараптар көптеген бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін анықтап, нәтижесінде ынтымақтастық қатынаста жұмыс істеу туралы шарт жобасын дайындау көзделді.

 

КАСУ – Назарбаев Университет

КАСУ – Назарбаев Университет

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru