Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жастар және бизнес

01

24 сәуірде техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасындағы бизнес-жобалардың кезекті облыстық байқауы өтті. Конкурс  Байқау Астананың 20 жылдығына орайластырылды.

Мұндай маңызды іс-шараның бастамашысы, ШҚО кәсіпкерлер палатасымен, облыстық білім беру басқармасымен, ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасы қызметкерлерімен бірлесіп ӨК ЭҚК болды.

Байқау қатысушыларына арнап ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйледі.  Салтанатты ашылуда «ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ҚБ Анжела Маслова, «ШҚО ТжКБ және БА Орталығы» КММ директоры Ришат Рамазанов сөз сөйледі.

Байқау ұйымдастырушылары өз сөздерінде мұндай іс-шараны жүргізуде мынадай мақсат қоятындарын атады – орта жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студент жастарының кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру.

Байқауға қатысу үшін облыс аудандары мен қалаларының 11  мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру 11 оқу орындарынан  34 білім алушылардан өтінім берілді.

Облыстық  байқау 4 аталым бойынша жүргізілді: «Жеке меншік іс»; «Шығыс Қазақстан үшін бизнес жоспар –экономикалық реформалар бағдарламасы»; «Агробизнес»; «Әлеуметтік жоба –өзекті әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешу негізі».  Жобаларды талдау және бағалау үшін ШҚО кәсіпкерлер палатасы, «ЭкоПроф» ЖШС, «Балхаш-Нан» ЖШС, «Шығыс Қазақстан туристік ассоциациясы» ЗТБ, «Өскемен - Бизнес» ЖШС, «Практикум оқу орталығы» ЖШС, Көшбасшылар Клубының жоғары білікті маман-сарапшыларын жұмылдырды.

ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының оқытушылары  оқушылар мен студенттер үшін іскерлік ойындар  және олардың жетекшілері үшін шеберлік сабақтарын өткізді.

Облыстық бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды:

  1. «Агробизнес» аталымы - Яна Мумлева мен Аружан Кенжебекқызы («Шағын агроқұралымдар үшін бүріккіш» жобасы Ұлан ауданының Герасимовка ОМ).
  2. «Шығыс Қазақстан үшін бизнес-жоспар–экономикалық реформалар бағдарламасы» аталымы - Никита Грицай («Автокөліктік жабын - сұйық резеңке» ӨК ЭҚК).
  3. «Жеке меншік ісі» аталымы  - Виктор Гриневич («Шығыс Қазақстан өсімдіктерін жеке меншік кәсіпкерлікте пайдалану мүмкіндігі» жобасы, Өскемен қаласының №9 ОМ).
  4. «Әлеуметтік жоба –өзекті әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешу негізі»  аталымы - Екатерина Ларкина («Қолдан жасалған сабын өндіру жөніндегі студия құру» жобасы, Ұлан ауданының Герасимовка ОМ).

Жеңімпаздар ШҚО білім беру Басқармасы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасының  дипломдары және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Бизнес-қауымдастық өкілдері байқауға белсенді қатысушаларды қосымша мадақтады. Мәселен,  «Балхаш-Нан» ЖШС директоры Қанат Ақшалов төрт қатысушыға инженерия және роботтық техника мектебінде оқуға сертификаттар тапсырды. «Шығыс Қазақстан туристік ассоциациясы» ЗТБ  жетекшісі  Асқар Оразбаев үш қатысушыны «Балақай» балалар сауықтыру лагеріне жолдамамен мадақтады, сонымен қатар қатысушы Данель Нұрғалиеваға бірлескен бизнес-ынтымақтастықты ұсынды.

Байқауды өткізу базасы Қазақстан-Американдық еркін университеті болды, ол облыс пен республика  экономикасы үшін заманауи мамандарды даярлайды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru