Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында «Әлеуметтік психология» оқулығының тұсаукесері

DSC0001
DSC0015
DSC0016
DSC0018
DSC0022
DSC0024
DSC0026
DSC0027
DSC0028
DSC0029
DSC0031
DSC0009

2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің  «Әлеуметтік психология» оқулығының таныстырылымы өтті. Бұл еңбек - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған, осы саладағы дүние жүзінің маңдайалды университет мойындаған негізгі оқулықтардың бірі.

Шараның мақсаты – студенттер мен оқытушыларды әлеуметтік психология саласындағы құнды еңбек болып табылатын аталмыш оқулықты таныстыру.

Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытушылар үшін таптырмас құрал.

Аталмыш шараның барысында психология мамандығының оқытушылары Нығметжанова Г.К. және Байтемірова Қ.Б. «Мен әлеуметтік ортада» атты тренинг жүргізді.

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru