Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Президенті Е. Мәмбетқазиев Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып сайланды

IMG7543
IMG7464
IMG7540
IMG7434
 

Осындай бірауыздан шешімді кеңес мүшелері 4 мамырда өз отырысында қабылдады. Өңірдегі танымал адамдар мектептің өмірімен танысып, мақсаттарының дұрыстығына көз жеткізіп, маңызды тақырыптарды талқылау үшін кездесті.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» қағидасы бойынша, олар   экскурсияға қатысуға ұсынысқа шын ықыласпен келісті. Осы уақытта «Openevening» зияткерлік кеші өтіп жатқандықтан, олар  алдымен балалардың ғылыми жұмыстарымен, одан соң мұғалімдердің де зерттеулерімен танысты.

Мектептің қамқорлық кеңесі, қоғамдық бастамада тұрақты жұмыс істейтін мектепті алқалы басқарудың бір түрі болып табылады. Жұмысты жемісті ұйымдастыру мақсатында қатысушылар бір-бірімен таныстырылды. Бұлар – білім мен ғылым экс-министрі Ережеп Мәмбетқазиев, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ  ректоры Жасұлан Шаймарданов, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, бас директоры, кәсіпкерлер Шыңғыс Риаханов пен Серік Орынбасаров. Олардың әрқайсысы белсенді азаматтық ұстанымдағылар, әлеуметтік  тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қолдау көрсетіп, қоғамға қызмет етудің үлгісі болып табылады.

 Қамқорлық кеңесінің жұмысына, сонымен қатар, облыстық білім беру басқармасының және қалалық білім беру бөлімінің, «Педагогикалық шеберлік орталығы» облыстық  филиалының басшылары қатысты.

Мектеп директоры Күлфарида Раисова Қамқорлық кеңесі жұмысы үшін негіз болып табылатын құжаттар: ереже және бұйрықпен таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 27 мамырында Жоғары қамқорлық кеңесі отырсында сөйлеген мына сөзі келтірілді: «Жаңа серпіліс беру үшін зияткерлік мектептерге олардың бұдан әрі жұмыстарының стратегиясын өзектендіру қажет».

Қатысушылар «Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өңірдің дамындағы рөлі» атты баяндаманы зор ықыласпен тыңдады. Өмір бойында оқитын және Қазақстанға пайда келтіруге қабілетті  көшбасшылық қасиеттері бар зияткерді тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқу-тәрбие жұмысы көрсетілді. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларындағы жеңістерді көрсете отырып, балаларды табысты оқыту жөніндегі деректер келтірілді. Сонымен қатар көшбасшылықты тәрбиелеу, қоғамға қызмет ету қажеттігі жөніндегі жобалар да ұсынылды. Жұмыс қорытындысы – мектептердің Халықаралық кеңесі мойындауы.  2017  жылы Өскемен НЗМ-нің халықаралық үлгілерге сәйкестігі сертификаты тапсырылған болатын.

Тәжірибені өңірдің жалпы білім беретін мектептеріне көрсетілімі жайлы мәселе қатысушылардың ерекше ынтасын тудырды. «Менің мектебім» бағдарламасы аясындағы үлкен әдістемелік алаңша, Катон-Қарайғай, Зайсан, Көкпекті, Шемонаиха, Зырян, Риддер мұғалімдеріне білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсінуге және қабылдауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің  зор, еріктілік қызметі, Қамқорлық кеңесі мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.

Мектептің өңір дамуындағы рөлін атап өтіп, олар түлектердің ЖОО-да оқуына тоқталды. 7 жыл ішінде мектеп түлектерінің саны 467 оқушыны құрады, олардың 77-сі «Алтын белгі» иегерлері болып табылады, 25 – ерекше үлгідегі аттестаттың.  Олардың 127-сі Назарбаев Университетінде және Қазақстанның басқа да жетекші ЖОО-да, 37 – Венгрияда, Канадада, Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Біріккен Араб Әмірліктерінде оқиды. Қамқорлық кеңесінің мүшелері бакалавр дәрежесіне өзімізде, Қазақстанда оқыту  жайлы тілектерін білдірді. Сонымен қатар, өңірлік ЖОО рейтингі жайлы деректер берілді.

Қамқорлық кеңесінің үш жылға жоспарымен танысу барысында олар мына ұсынысты енгізді: «Жөнге келтірулермен қабылдансын».

            Роза Құмарғажина, Өскемен қаласы НЗМ баспасөз хатшысы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru