Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Күзгі Дайджест

Маршалл Кристенсен, Дэниел Бэлласт, Том Гейтч, Рик и Бонни Смит, Хью Холлман, Карл Кристенсен, Бен Стерчук, Лора Латч, Ларс Петерсон, Брайан Янг, Эдвард  Денни, Барбара Уайт, Кэри Хэк, Джереми Лайб, Джули Ингоуф, Анна Чеснокова, Валентина Якуба, Лу Холли…  Бұл тізімде  шетелдіктермен  жай ғана қарым-қатынас жасаудан басқа Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастық қатынастар мен жылдар бойы жалғасып келе жатқан достық қатынастарды жалғастырушылардың жартысы ғана көрсетілген.

Осы семестрде университетте кең ауқымды шаралардың бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған және ҚАЕУ кураторы, Қамқорлық Кеңесінің Төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (Ph.D) Маршалл Кристенсеннің мерейтойына орайластырылған халықаралық ғылыми конгресс өткізілді.

Маршалл Кристенсеннің 70-жылдық мерейтойын Шығыс-Қазақстан жерінде өткізуге келісім беруі оның қазақстандық әріптестеріне зор сенім білдіруінің символы іспеттес болды. Аталған шараға 20-дан астам шетелдік қонақтар – серіктестер, әріптестер және университеттің достары қатысты. Маршалл Кристенсенді атаулы мерейтойымен құттықтауға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген жақын достары және зайыбы Джой Кристенсен мен бауыры Карл Кристенсен де келді. Джой мен Маршалл мерекенің себепкерлері ретінде төрден орын алды. Маршаллдың бауыры Карл Кристенсен (Нортвест университетінің медицина факультетінің деканы) және оның әріптесі Бен Стерчук (Нортвест университетінің оқытушысы «Elder Placements» компаниясының иесі) «Медициналық білім беру мекемелері студенттерінің халықаралық тәжірибе алмасуы» тақырыбына семинар өткізді.

ҚАЕУ студенттері университет үшін тарихи маңызды шараға жай ғана қатысып қоймай, шетелдік серіктестермен тікелей қарым-қатынас жасау барысында мәдениетаралық байланыс саласындағы білімдерін кеңейту мүмкіндіктеріне ие болды.

Биылғы жылы алғашқы қонақтардың бірі болып Том Гейтч (ҚАЕУ құрметті профессоры, «Е2 - білім беру қызметтері» ұйымының президенті) және Лора Латч  (Вашингтон университетінің мәдениет магистры, Сиэтл, Вашингтон) келді.  Том мен Лора біздің студенттеріміздің АҚШ-тағы жазғы тәжірибесін ұйымдастырушылар. Қазан айында олар бағдарламаға қатысушыларды құттықтап, сертификаттарды тапсыру үшін арнайы келген болатын. Лора Латч биылғы жылы ҚАЕУ қонақ оқытушысы болып, «Мәдениетаралық коммуникациялар» пәні бойынша лекция курсын оқыды.

Дэн Бэлласт (американдық тараптан ҚАЕУ-нің вице-президенті) және Ларс Петерсон (Со-Serve, халықаралық бағдарламасының директоры Денвер, Колорадо) бірнеше жыл қатарынан ҚАЕУ студенттеріне көшбасшылық курстарын өткізіп келеді.

Биылғы жылғы халықаралық көшбасшылық бағдарламасына қатысушылардың жолдары ерекше болды: алғашқы кіріспе лекцияны бағдарламаның ұйымдастырушысы Маршалл Кристенсеннің өзі оқыды ал студенттермен өткізілген басқа сағаттарда Дэн Бэлласт, Ларс Петерсон және Брайан Янг сынды оқытушылар жүргізді. Олар өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерді көшбасшылықтың жаңа қырлары мен таныстырды, олардың көзқарастарына түбегейлі өзгерістер жасай алды.  Мәдениет магистры атағына ізденуші, «Perry&Young» (Денвер, Колорадо) тіс техникалық лабораториясының керамика бөлімінің менеджері Брайан Янг ҚАЕУ-де 2009 жылдан бері сабақ беріп келеді. Биылғы күзде ол көшбасшылық бағдарламасынан басқа «Стратегиялық менеджмент» курсы бойынша бірнеше сабақ өткізді.

ҚАЕУ құрметті қонақтарының екінші тобында - Хью Холлман (Заң докторы, Аризона штатындағы Темпе қаласының Мэры және ҚАЕУ құрметті профессоры) Эдвард  Денни (Аризон штатындағы Темпе қаласы университетінің Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі) және Барбара Уайт (Аризона штатындағы Темпе қаласы мэрының көмекшісі). Олар конгресс жұмысына белсене қатысты:семинарлар өткізді, «ЖОО-да көшбасшылық мәдениетін қалыптастыру: жоғарғы білім берудегі құндылықтар» атты дөңгелек үстелінің маңызды мәселелерін талқылауға қатысты.

 

Шетелдік оқытушылардың қатарында биылғы жылы Кэри Хэк болды (Заң ғылымдарының докторы және Вайоминг Университетінің оқытушысы АҚШ).  Ол бакалавриаттың, магистратура мен докторантураның студенттеріне «Қылмыстық құқық» бойынша лекция оқыды.

ҚАЕУ тұрақты оқытушылары және достары Американдық - Джереми Лайб пен Джули Ингоуф  Маршалл Кристенсеннің мерейтойына арналған шараларға белсене қатысты. Мара Голсон – ағылшын тілінің оқытушысы, салтанатты шара кезінде штаттарда болғанына қарамастан мерейтой иесіне ыстық лебізін жеткізді.

Біздің Украиналық әріптестеріміз  ұзақ жылдар бойы Б.Гринченко университетінің өкілдері ретінде Маршалл Кристенсенмен  ынтымақтастық қатынаста жұмыс істеп келе жатқан - Анна Чеснокова мен Валентина Якуба  мерейтойдың Қазақстанда өткізілуі туралы шақыруға үлкен ықыласпен келісім берді. Олар халықаралық конференция шеңберінде ғылыми семинарлар өткізіп, конгерсстің басқа шараларына да қатысты. Нәтижесінде бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандумға қол қойылды, бұдан былай Валентина мен Анна ҚАЕУ-нің Украиналық тарап бойынша серіктестері болып саналады.

 

Рик және Бонни Смит – университеттің тұрақты оқытушылары мен серіктестері, «Сенiм» қорының өкілдері (Алматы қ.), Конгресс пен  білім беру процесстеріне белсене қатысты. Рик Смит  Ғылыми Кеңестің салтанатты отырысында «Қазақстан-АҚШ: болашақ ұрпақ үшін»  кітабына берген бағасын қазақ тілінде жеткізіп, қазақ тілін жетік меңгергендігімен тәнті етті. Риктың жолдасы Бонни Смит бірнеше жыл қатарынан университетпен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Қараша айының басында екі апта көлемінде ол Американдық бағдарламаның 4 курс студенттеріне «Операциялық менеджмент» бойынша  жеделдетілген курс оқып шыққан болатын.

Біздің университетімізге бірінші рет  Лу Холли келді (ағылшын тілінің оқытушысы,  Бивертон қ., Орегон). Лу студенттермен кең ауқымда  байланысу мен Қазақстанның ауқымды академиялық қауымымен қарым-қатынас жасаудан үлкен әсер алды. Ол алдағы уақытта ҚАЕУ бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып алдағы көктемгі семестрде ҚАЕУ студенттеріне ағылшын тілін оқыту сабақтарын жүргізуді жоспарлады. Барлық өткізілген шаралар ҚАЕУ өміріндегі ең елеулі орын алатын шаралар болғаны сөзсіз. Барлық қонақтарға көп жылғы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастары үшін үлкен алғыс айтамыз. Біз әрқашан да жаңа кездесулерге, ынтымақтастықтарға, әсіресе  біздің шетелдік әріптестерімізбен орнаған жылы достық қатынастарға қуанамыз.

Шетелдік әріптестердің өз уақыттарын біздің университетте жақсы өткізгені туралы пікірлері қуантады:

«Біз ҚАЕУ келу, семинар мен басқа да шаралараға қатысу арқылы керемет тәжірибе жинадық. Аса жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Университет талант иелеріне бай екен – спикерлер, бишілер мен әншілер қатты ұнады. Қазақстандық ас мәзірі өзінің сан алуандығымен таң қалдырды. Мен алдағы уақытта қонақжай Шығыс Қазақстанға тағы да келермін деп үміттенемін!»

Брайан Янг (Денвер, Колорадо)

«Биылғы жылы өткізіліп отырған Конгресс ҚАЕУ халықаралық қоғамдастықта өз орнын алған университет екенін дәлелдеп берді. Бұл шара Қазақстанның, Ресейдің, Украина мен Құрама Штаттардың академиялық қоғамдастықтарын жақындастыра түсті. Менің мерейтойыма орайластырылған шаралар өте керемет ұйымдастырылған және соңы ғажап мерекеге айналды. Мен үшін ҚАЕУ кураторы болу үлкен абырой деп білемін. Мен біздің университеттің түлектерін мақтан тұтамын, олар нағыз көшбасшылар»

Маршалл Кристенсен (Портленд, Орегон)

«Ғылыми Конгресс ҚАЕУ-нің Шығыс-Қазақстан облысының аумағында әлемнің әр түкпірінен білім беру мен бизнес саласының болашақты жақсартуды көздейтін диалогтар мен идеяларды дамытуды көздейтін көшбасшыларды жинау мүмкіндігі бар университет екендігін дәлелдеді. Мені Конгресс шеңберінде «ЖОО-да көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру: жоғарғы білім беру құндылығы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел қатты қызықтырды. Бұл шара өмір, мұра, қызмет ету және сын тұрғысынан ойлау ұғымдары сияқты бағалы құндылықтар жөнінде ашық әңгімелесу мүмкіндігін туғызды. Құрылымды келісімдер барысында Қазақстанның, Америка құрама штаттарының, Ресей Федерациясы мен Украина өілдерінің бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандумына қол қойылды. Мен көшбасшылық туралы семинарлар сериясын өткізу процесі барысында көп уақытымды студенттер және университет оқытушыларымен бірге өткіздім. Бірінші кезеңде біз ҚАЕУ оқытушыларына арналған көшбасшылық лекциясын ұйымдастырдық, оған әр түрлі кафедралардың он оқытушысы қатысты. Менің ойымша сәтті тәжірибе болды, нәтижесінде бір-бірімізді тереңірек түсіндік және университеттің ортақ құндылықтарын атап айтқанда кәсібилікті бағалау мен жұмыстағы жылы «отбасылық» атмосфераны дамытуды бірлесіп дамытуға саналы келісім білдірдік».

Дэн Бэлласт (Багио, Филлипины)

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru