Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттерінің «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» байқауына қатысуы

 

IMG-20180525-WA0013
IMG-20180525-WA0006
IMG-20180525-WA0007
IMG-20180525-WA0014
IMG-20180525-WA0021
IMG-20180525-WA0024
IMG-20180525-WA0025
IMG-20180525-WA0028

24 мамыр күні Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты байқау өтті.

Байқауды өткізудің мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру,талантты жастарды табу.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан узінді оқу.

Байқауға қаламыздың колледж, ЖОО-ның студенттері қатысып, өз бақтарын сынады. Бұл сайысқа біздің университетімізден Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.Б.Едильбаеваның жетекшілігімен 5В01700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері Дәурен Аян, Амантаева Есенгүл, Жәмсап Ақерке қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, Дәурен Аян 3-орынға ие болды. Амантаева Есенгүл, Жәмсап Ақерке алғыс хаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын алды.

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru