«Түйіндеме құрастыруға 10 кеңес» атты шеберлік сыныбы

 

IMG-20180611-WA0031
IMG-20180611-WA0028
IMG-20180611-WA0030
IMG-20180611-WA0033

ҚАЕУ түлектерін жұмыспен қамтуға атсалысу бойынша іс-шаралар шеңберінде 2018 жылдың 12 маусымында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Едильбаева Гульжан Бакытбековна «Түйіндеме құрастыруға 10 кеңес» атты шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Психология» мамандығының 4-курс студенттері қатысты.

Шеберлік сыныбының мақсаты: жұмысқа тұрушының жұмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру үшін жасалатын түйіндемені құрастырудың мақсатын, маңызын түсіндіру және оны жазу үшін керекті ақпарат беру.

Педагогика және психология кафедрасы