Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Латын әліпбиіне көшу - жаңғыруымыздың жаңа кезеңі»

 

20180627132255
IMG-20180627-WA0022
IMG-20180627-WA0043

Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуы мен рухани жаңғыруының жаңа кезеңі болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан-Американдық еркін унверситеті әліпбидің өзгеруіне деген қоғамдық оңды пікірді қалыптастыруда белсене ат салысып келеді.

Үстіміздегі жылдың 27 маусым күні «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Нұрланова Ә.Н. Күршім ауданы, Күршім ауылында ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыруымыздың жаңа кезеңі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда негізгі баяндамашы ретінде баяндама жасады. Бұл конференцияға ф.ғ.д., А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері Момынова Б.Қ., ф.ғ.д., Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Вице-президенті,  «Арыс» баспасының директоры Әнес Ғ.Қ., сонымен қатар ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, Білім беру ұйымдарының, «Өрлеу БАҰО» АҚ өкілдері, тіл мамандары және мектеп мұғалімдері қатысты. Конференция соңында Әсем Нұрланқызы мектеп мұғалімдерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru