Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ кітапханасы ҚР Президенті кеңсесінен кітаптар сериясымен толықтырылды

 

IMG0972
IMG0970
IMG0966

Ақорданың мұндай акциясы алдыңғы оқиғалардың өзіндік орынды толықтырылуына айналды. 24 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  елдегі тұңғыш халықаралық серіктестік жеке меншік ЖОО ашылуына өзі жеке қатысқан болатын. 1999  жылы ел Президенті ҚАЕУ алғашқы түлектеріне дипломдарды өзі тапсырды. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік кеңістікке үдемелі бірігуі жағдайында көп тілді мамандарды даярлау дер кезіндегі және өмірге бейімді екендігі белгілі болды. Осы бағыттағы ҚР білім министрі  Ережеп Мәмбетқазиевтің  бастамаларын қолдау, Елбасының прогресс рухын қаншалықты жіті сезгенінің айқын айғағы болып табылады. Елбасының ҚАЕУ Құрметті профессоры атануы – өте орынды жайт.

 Жаңа кітапхананың сөрелері 57  атау бойынша 250 дана кітаппен толықтырылды. Жинаққа ҚР Тұңғыш Президентінің таңдамалы сөздері, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының әр кезеңдегі хроникасы, ойлар, негізгі оқиғалардың фотолентасы кірді. Сөрелерде белгілі қазақстандық және шетелдік авторлардың мемлекеттік және шетел тілдеріндегі уақыт, көшбасшы мен тұлға жайлы еңбектері орналасқан. Сыйлықтық серияда  классик жазушы  Ільяс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бар.

ҚАЕУ ақпарат қызметі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru