Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Білім және ғылымдағы халықаралық серіктестік: жаңа экономика үшін кадрлар даярлау

Ғылым-білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық  Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі фауторлардың бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында міне дәл осыған үнемі баса көңіл аударады, бұл оның «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқын көрініс тапты. Қоғамдық сананы жаңғырту барлық салаларда даму нәтижесін береді, соның ішінде экономикада.

 Осы бағытта халықаралық серіктестік университеті ретінде ҚАЕУ, адами капиталдың даму сапасы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында тұжырымдамалар, идеялар, ресурстар, тәжірибелерімен бөлісуге даярлық танытады.

13-21  қыркүйекте Өскемен АҚШ, Канада, Германия, Ресей, Украинадан шетелдік серіктестердің қатысуымен білім мен ғылымда халықаралық ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқылау орталығына айналады.

Конгресс бағдарламасында – қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша шетелдік серіктестер мен қазақстандық ғалымдардың ашық дәрістері, шеберлік сабақтары. Құндылықтар негізінде басқаруды қалай үйренуге болады, көшбасшылық ықпал ретінде, білімдегі коучинг, басқару есебі мен аудитте және басқалардағы елеулі тәсілдемелер.  

Осы мәселелер бойынша қазақстандық ғалымдар да, ҚАЕУ жетекші американдық серіктестері Маршал Кристенсен, Дэниел Бэлласт, Брайн ЯнгРонни Робак (Канада), Германиядан келген белгілі ғалымдар Бернд Циклер, Кристиан Браувайлер, Стефан Ноак, Мәскеу, Дрогобыч (Украина) және басқа да  университеттерден  белгілі ғалымдар да өз пайымдауларымен бөліседі.

Конгресс аясында сонымен қатар болатындар:

- «Қазақ және американ мәдениеті: айырмашылықтар мен ұқсастықтарды зерттеу» тақырыбына пікірталас,

- «Жаңа экономика үшін кадрлар даярлау мәселелерін шешуде ҚАЕУ мен ШҚО мектептері мүмкіндіктерін біріктіру» тақырыбына дөңгелек үстел

Ғылыми-тәжірибелік конференция төрт секциялық отырыстарда өтетін болады:

- құқықтану мен халықаралық қатынастар мәселелері

- экономика, экология, ақпараттық жүйелер мәселелері,

- педагогика мен психология мәселелері

- тілдерді дамыту мен оқыту әдістемесі мәселелері

Қоғаммен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru