Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Білімдегі коучинг

IMG1039
IMG1042

Осы тақырыпқа шеберлік сабағын ҚАЕУ Құрметті профессоры және бұрыннан келе жатқан серіктесі, Канададан келген бизнес жөніндегі халықаралық кеңесші Роберт Роубак өткізді.

15 қыркүйек, сенбі

Дәріскер атап өткендей, коучинг – бұл адамға немесе топқа өз міндетін іске асыруға мүмкіндік жасайтын тұрақты мақсатты әңгіме. Бұл бүгінгі таңдағы қазақстандық педагогикадағы басым бағыттардың бірі  және де шетелдік әріптестердің коучингтық технологияларды қолданудағы тәжірибесі үлкен қызығушылық туғызады.

Коучингтың өзгеше ерекшелігі неде? Коучинг нақты және белгілі бір анық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Педагог пен білім алушы теңдік және серіктестік қағидасы бойынша жұмыс істейді. Коучингтегі бастысы – білім алушыға, ол үшін шешпей, өзі шешімге келуіне түрткі беру. Адамның ішкі әлеуетін жігер, іс-қимыл және нәтижелерге қол жеткізу арқылы ашу. Бұл студенттің санасын түбегейлі өзгертеді және оқу үдерісінің тиімділігін арттырады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru