Ақпаратты дұрыс қабылдау осы тақырыпта шеберлік сабағы конгресс бағдарламасындағы екінші күні болды

 

IMG1014
IMG1022
IMG1024
IMG1028

Адамдардың байланыс үдерісінде қандай күтпеген кедергілердің орын алуы мүмкін? Ақпаратты дәл бере алмау немесе қабылдай алмау жиі қарама қайшылықтың, тіпті ғылыми да, одан да ауқымды саяси жайғасымдарда маңызды жобаларды жүзеге асыруда сәтсіздіктің  көзі болатынына тиісті назар аударамыз ба? Осы өзекті проблеманы өз талдауымен  Цвиккау қаласының қолданбалы ғылымдар Батыс Саксон Университеті (ГФР) профессоры Кристиан  Браувайлер бөлісті.

Мәселен  ауызша құралдар (сөз, тіл), байланыс үдерісінде, сонымен қатар ым, мимика, басқа да белгі беру  жүйелері көмегімен қатынасуда қабылдаудың дұрыстығында жаңылу жиі орын алады. Айтқан кезде сізді естіді деуге болмайды; түсіну, сізбен келіскенді білдірмейді және т.т. Егер біздің ақпарат толық болмаса, онда әркелкі нәтиже де күту керек. Профессор мұны бір парақ қағазды орап, бұрышын үзіп тастауды ұсынып оңай көрсетті. Тек қана, ол тыңдаушыларға қағаздың қай бұрышын үзіп тастауды айтпады, парақтың формасы барлығында әркелкі болып шықты.  

Шеберлік сабағын Цвиккау қаласының қолданбалы ғылымдар Батыс Саксон Университетінің (ГФР)  жас ғалымы Стефан Ноак «Кредиттік шарттардағы ковенанттар тәуекелді азайтудағы көмек ретіндегі амал» тақырыбымен жалғастырды. Басқару есебі мен аудитіндегі елеулі тәсілдемелер қандай болуы мүмкін – осы тақырыпта сол университеттің  профессоры Бернд Цирклер баяндап берді.

Жұршылықпен байланыс орталығы