«Көпшілік алдында сөйлеу техникасы» шеберлік-сыныбы

 

IMG-20180921-WA0018
IMG-20180921-WA0015
IMG-20180921-WA0016
IMG-20180921-WA0017

19.09.2018 ж. күні ҚАЕУ-да өткізіліп жатқан Халықаралық ғылыми конгресс шеңберінде «Педагогика және психология» кафедрасының 2 және 4 курс студенттеріне аға оқытушы Тургумбаева Н.К. жетекшілігімен «Көпшілік алдында сөйлеу техникасы» атты шеберлік-сыныбы өтті. Оқытушы ораторлыққа, шешендікке, аудитория алдында сөз сөйлеуге әсер ететін факторларға тоқтала кетті.

Яғни ең бірінші, оратордың киім киісіне, жүріс- тұрысына, ым-ишара тілін пайдалануға және аудиторияның қабылдауына кері әсер ететін кедергілерге де тоқтала кетті.  Оратордың тақырыпты ашу бағытын 3топқа бөліп қарастырды: өз ойын жеткізу барысында бір мысалды аяқтамай екінші бір мысалға көшіп, ойы сан саққа кетуі. Екіншісі өз ойын ешбір дәйексіз жеткізу. Және ең ұтымды жолы өз ойын баспалдақ қағидасымен жеткізу.

Шеберлік-сыныбының соңында студенттер тарапынан 2-курс студенті Жәмсап Акерке мен 4-курс студенті Зайтын Қырмызы қазіргі уақытта өзекті болып журген тақырыптарды шешен сөзбен аудитория алдында айтып, сарапшылар талдауына түсті.

Өткізілген шара аудиторияның көңілінен шығып, кез-келген маман иесіне қажетті машық - көпшілік алдында сөйлеудің қыр-сырларымен бөліскені үшін қатысушылар аға оқытушы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызына алғыстарын айтты.

Педагогика және психология кафедрасы