Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жаңа экономика кадрлары

 

IMG0898
IMG0879
IMG0877
IMG0883

Оларды даярлауда ҚАЕУ және облыс мектептері өз мүмкіндіктерін қалай біріктіре алады? Бұл мәселені 21 қазанда өткен дөңгелек үстел қатысушылары талқылады.

Мектеп директорлары, университет оқытушылары мен студенттерін ҚАЕУ Президенті,  ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтады.

-Құрметті әріптестер мен достар! Сіздерді осы жаңа залда құттықтау мен үшін үлкен қуаныш. Алдағы жылы ҚАЕУ өзінің 25 жылдығын атап өтетін болады. Осы жылдар бойы сіздермен белсенді және жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында ЖОО мол табыстарға қол жеткізді.  Мен сіздерге қолдау көрсеткендіріңізге ризашылығымды білдіремін, біздің алдымызда дарынды жастарды қалыптастыруда жаңа белестер ашылып тұр.

 Осындай болашақтың жарқын мысалы ретінде, тоғыз жылдық өтілі бар ҚАЕУ-нің АҚШ-тан келген серіктесі Брайн Янг, жақында ҚАЕУ қабырғасында магистрлік диссертациясын ойдағыдай қорғағанын айта кету керек. Ережеп Мәмбетқазиев  салтанатты түрде оған  лайықты MBA  дипломын табыс етті.

Дөңгелек үстелде ҚАЕУ проректоры, ҚАЕУ колледжінің директоры Марина Кикина модератор болды. Ынтымақтастықтың қандай тиімді механизмдері «мектеп-ЖОО», «мектеп-колледж-ЖОО» жүйелерінде сабақтастықтың дамуына жаңа серпіліс бере алады және бұл оқыту сапасын арттыруға қалай ықпал ете алады? Жаңа экономикаға кадрлар даярлау мәселесін шешуде ҚАЕУ мен ШҚО мектептерінің бүгіндегі өзара іс-қимылының параметрлері қандай?

Өз сөздерінде мектеп директорлары, ҚАЕУ халықаралық серіктестік ЖОО ретінде жаңа экономикаға мамандар даярлауға кепілдік беретін ең маңызды сапаларын біріктіргенін атап өтті. Мұны № 10 мектеп-гимназияның директоры Наталия Нестеренко,  «Балабақша–мектеп– ЖОО» бірлескен жобаны жүзеге асыру  бойынша университет серіктесі,  дарынды балаларға арналған Валеологиялық арнайы мектеп-кешенінің директоры Наталья Ахаева, «Аударма ісі» бағыты бойынша  бейінді оқытуды жүзеге асыру бойынша университет серіктесі, № 38 гимназия директоры Инесса Чернышева атап өтті. Заманауи мамандарды даярлаудағы параметрлерге сай келетін ЖОО ретінде ҚАЕУ тартымдылығы тек өсіп отыр. ҚАЕУ артықшылықтарының бірі тілдік ортасы мен тілдік даярлаудың стандартты емес тәсілдемесі болып табылады. Базалық деңгей болғандықтан, мұнда тілді үйренудің қыр-сырынан бастау қажеттілігі жоқ. Бірқатар ұсыныстар да жасалды, атап айтқанда «ҚАЕУ сыныбын» ашу жөніндегі.

Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниел Бэлласт шетелдік серіктестермен таныстырды. Джим Саймонс, Чарисса Фрайберг, Натали Трефтс, Вероника Маккей, Таня Плаза,  Брайн Янг дөңгелек үстелге қатысушыларға сәлем жолдады.  

- АҚШ-ның белгілі бір қайраткері бірде «Америкада менеджерлер бар, ал көшбасшылар жоқ!» деген. – деп атап өтті  Дэниел Бэлласт. – Нақ көшбасшы шабыттандырады, жаңа және пайдалыға  құлшынысты күшейтеді. Бұл тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар білімде де маңызды. ҚАЕУ-де көп жылдар бойы «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы жұмыс істеуде, оны шетелдік серіктестер ұйымдастырған болатын. Мәлесе мынада: енді көшбасшыларды мектепте даярлайтын кез келгендей. Көшбасшылық бағдарламасы арқылы  табысты оқушы, студент, педагог тұлғасын қалыптастыруда университет пен мектептің күшін қалай біріктіруге болады?

Жаңа экономика үшін кадрлар даярлауда мектеп пен ЖОО мүмкіндіктерін біріктіру жөніндегі өз сындарлы ұсыныстарымен ҚАЕУ бірінші вице-президенті Галина Конопьянова, ҚАЕУ колледжа директоры Марина Кикина,  ӨК ЭҚК директоры Ерсаин  Нәбиев бөлісті.

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru