Аз шығынмен жақсырақ және көбірек істеу

 

IMG1099
IMG1101

Өз жұмысын сапалы және жылдамырақ орындау. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Магистрант Брайн Янг өз ғылыми жұмысында бұл схеманы ашып көрсетті.

АҚШ-нан келген серіктес «Үнемді өндіріс» тақырыбына магистрлік диссертациясын ҚАЕУ ғылыми қауымы алдында 21 қыркүйекте  ойдағыдай қорғады. Осылайша Брайн Янг ҚАЕУ түлегі атанды.  

Өзімен өзі үнемдік қағидасы идеясы жаңа идея емес. Оның  инновациялық мәні, оны бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған бизнес-стратегияға табысты енгізуде. Азайтылған уақыт көлемінде тек сапаның артуына ғана емес, сонымен қатар шығарылатын өнім көлемін де арттыруға қол жеткізу.

Зерттеу нысаны болып «Perry & Young» стоматологиялдық зертханасы таңдалды. Зертхана ауыз қуысына протез, фиксациялық және алмалы- салмалы протездеу, тіссауыттар мен тіс мостигі, керамикалық тістер, алмалы- салмалы протездер, қондырымдар мен каппалар... жасаумен айналысады.  «Perry & Young»-де көрсетілетін қызметтерге бағаны төмендетуге барды, алайда бұл ретте сапаны және қызмет көрсету жылдамдығын арттыру міндеті қойылды. Бұл жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді. Стоматологиялық кабинеттерде дантистермен тікелей жұмыс үшін техникалық команда дамытылып отыр. Қорытындысында кіріс өсіп, зертхана дамудың жаңа деңгейіне шығады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы