Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-талантты жастардың университеті

2012 жылғы 27-28 қаңтар күндері  жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық туры болып өтті.

Аталған олимпиадаға  әр түрлі аудандар мен қалалардан облысымыздың интеллектуалдық болашағының өкілдері деп атауға болатын барлығы 500-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада ШҚО білім Басқармасы мен көптеген жылдар бойы Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп жемісті жұмыс істеп келе жатқан «Дарын» РҰПО жетекшілігімен өтті.

Жыл сайын бірлесіп жұмыс істеу шеңберінде ҚАЕУ профессорлары, ғылым кандидаттары қазылар алқасының мүшелігіне қатысуға шақырылады:оқуға түсушілерге байқау нәтижесі бойынша унверситетішілік гранттар мен оқу ақысы бойынша жеңілдіктер ұсынылады.

Бұл жолы да университет Бородулиха ауданының Островский атындағы мектеп оқушысы олимпиада жеңімпазы Мусин Қайратқа – американдық бағдарламамен оқу бөлімінің экономикалық мамандықтары бойынша («Менеджмент», «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы») және Үржар ауданының Мақаншы орта мектебінің оқушысы Сейтахмет Талшынға – «Шет тілі: ағылшын тілі» немесе «Аударма ісі»  (өз таңдауы бойынша)  мамандығы бойынша 50%  жеңілдік жасайтын сертификат тапсырылды.

Қайрат Мусинов: «Облысымыздағы ең үздік университеттердің бірі менің білімімді жоғары бағалауы мен үшін ең үлкен дәреже болды. ҚАЕУ  Қазақстан Республикасындағы танымал әрі үздік университеттердің бірі. Мен өзімнің бүгінгі күні жартылай болса да осы университеттің мүшесі болғанымды мақтан тұтамын»

ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә.Мәмбетқазиев үнемі дарынды балаларға қолдау көрсетіп келеді. Ережеп Әлхаирұлы «ҚАЕУ-де – білім мен ғылымды жақсы көретін, жаңа дәуірде жұмыс істеп өмір сүретін тек қана дарынды жастар білім алады»  - дегенді жиі қайталайды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru