Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Педагогтардың семинары

Семинар для педагогов

2012 жылғы 20 қаңтарда ҚАЕУ мен Өскемен қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстан-Американдық еркін университетінде шығармашылық жұмыспен айналысатын педагогтарға арналған «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындау сапасын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға қаламыздағы жалпы білім беру ұйымдарының 40-тан астам мұғалімдері қатысты.

Семинар для педагогов

«Шет тілдері» кафедрасының жетекшісі, қалалық және облыстық оқушылардың ғылыми жарыстарында қазылар алқасының тұрақты мүшесі болып жүрген Ю.В.Новицкая – педагогтарға ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсететін, ақпараты мол семинар өткізді.

Семинарда оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындаудың тақырып таңдау, жұмыстың құрылымы мен логикасы, материалдың презентациясы, көпшіліктің алдында сөйлеу т.с.с. негізгі кезеңдері қарастырылды. Зерттеу объектісінің тақырыбын таңдау мәселесі кеңірек қарастырылды.

Семинардың тренингтік бөлімінде зерттеу объектісін анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар орындалып, қиылыстық тексеру көмегі арқылы зерттеуге талдау жасау үйретілді.

Семинарға қатысқан педагогтар  семинардың әдістемелік маңызын ескеріп, Юлия Васильевнаға қызықты шара өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Семинар для педагогов

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru