Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Шексіз оқулар-2018

 

IMG-20181005-WA0075
IMG-20181005-WA0077
IMG-20181005-WA0076

5-9 қазан аралығында Шығыс Қазақстан аумағында «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы аясында төртінші рет балалар оқуы мен балалар әдебиеті күндері өтуде. Жоба А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы және Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен, Санкт-Петербург Жазушылар Одағы, Пушкин Үйі (РҒА), «Детское время», «Розовый жираф», «Самокат», «Речь», «Белая ворона» және т.б. Ресейдің жетекші Балалар кітабы үйі/баспаларының қолдауымен жүзеге асып отыр.

5 қазан күні Санкт-Петербургтен келген қонақтар: жоба авторы әрі  үйлестірушісі Людмила Степановамен және өзіндік ерекшелігі бар жазушы, бестселлерлер авторы Мария Семеновамен болған қызықты кездесуге Қазақстан-Американдық еркін университетінің 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В050300 «Психология» мамандықтарының студенттері қатысты. Сондай-ақ осы күні «Я и мои окрестности: Память.Образ. Будущее» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар көрмесі және «Как и где найти свое чтение?» оқырмандардың шығармашылық студиясы және «Явление героя. Видеть.Чувствовать. Говорить» атты Мария Семеновамен диалог өтті.Студенттер осы шараларға қатыса отырып, өздеріне көп мәліметтер алды.

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)500-300 +7(7232)502-945
+7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru