Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АЛДАҒЫ ЖЫЛ ЖАСТАР ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНСЫН

 

IMG0939
IMG0945
IMG0928
IMG0930

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі жолдауын  осындай ұсыныспен аяқтады. 05 қазанда Ақордада үкімет мүшелері, парламент депутаттары, облыс пен республикалық маңыздағы қалалардың әкімдері жиналды.

ҚАЕУ-де Елбасының Қазақстан халқына жолдауының тікелей  көрсетілімі мен талқылауының алаңы  болды. Университет мәжіліс  залында ардагерлер, қала мен облыс жұртшылығының өкілдері, журналистер жиналды. Ал Президент сөйлеген кездегі негізгі тыңдаушы қауым университет студенттері мен оқытушылары болды.  

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Бүгінгі шынайылықтың әртүрлі қырлары бойынша сын айтылды. Бұл басқарудың тиімсіздігі де, отандық өндірістің төмен деңгейі, бар мүмкіндіктерді пайдаланбау және т.т. Сынмен қатар Елбасы жағдайды жақсарту жөніндегі бірқатар сындарлы ұсыныстарды да атап өтті.

Білім мен ғылым саласында, мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі нығайту, осыған байланысты біліктілік талаптарын, оқыту әдістерін, тәрбиешілер мен балалар бақшаларының басқа да қызметкерлерінің жалақы жүйесін  қайта қарау ұсынылды. Келесі жылы педагог мәртебесі туралы заң әзірленіп, қабылданады. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері үшін барлық ынталандыру қырларын қарастыруы тиіс. Педагогтардың жүктемесі қысқартылып, кенеттен тексерулер, лайық емес міндеттерді орындаудан қорғау.

 Орта білім жүйесінде мемлекеттік мектептер үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту әдістемесі бірыңғай үлгі болуы тиіс. Президент атап өткендей, бұл мектеп білімін шексіз реформалау тізбегінде түпкілікті шешім болады. Мектептер мен балалар бақшаларын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысын күшейту жүктелді. Келешексіз мектептер мәселесі бойынша оңтайлы шешім табу керек.

ЖОО табыстылығының басты өлшемдері – оның түлектерін жоғарыжалақылы жұмыспен қамту. ЖОО ірілендіру үрдісі жалғасатын болады. Назарбаев Университет үлгісінде политехникалық ЖОО құру идеясы айтылды.

алпы, білім, ғылым және денсаулық сақтауға кететін шығын бес жыл ішінде барлық көздерден елдің  ЖІӨ  10%  дейін жеткізу ұсынылды.

Астанадан тікелей көрсетілім аяқталған соң тыңдаушылар алдында  ҚАЕУ бірінші вице-президенті Галина Конопьянова сөз сөйледі. Ол тыңдаушылардың назарын Елбасы жолдауының аса маңызды қырларына аударды, сонымен бірге ол, ҚАЕУ білім мен ғылым дамуының ең өзекті мәселелерін талқылаудың алаңы болғанын және одан да белсенді  бола беретінін атап өтті.  

Жұршылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86

+7(7232)500-300 +7(7232)502-945
+7(7232)49-25-10 +7(7232)22-23-24 +7(7232)61-90-24

kafu_ukg@mail.ru